Мәдениет
«Енді ұрттамаймын»: Мақпал Жүнісова көпшілікке сөз берді
- автор kyn.kz
- 18 қыркүйек, 2024
- 2.6k
Әншіні жақсы көретін тыңдарманы "Енді ішпеңізші" деп өтінген.
Түн уақытында видео жүктеп шаршағанын жазған әншіні көпшілік тілдеген еді. Біразы оны ішімдікке масайған десе өзгелері әншінің қажығанын жазған. Біраз уақыттан кейін видеосын өшіріп тастаған Мақпал Жүнісова "Зәкеңді өлтірген адам табылса, тек айран ішемін" деген еді.
"Жанымды менің ұғыңдар" деген әнді орындаған сәтін архивтен жүктеген әншіге оқырманы пікір білдіріп, өтініш айтқан.
Әншінің желідегі бір оқырманы видеоның астына "Құрсын, ішпеңізші" деген пікір қалдырған. Мақпал Жүнісова болса оған: "Ішкен жоқпын, ұрттадым. Енді ұрттамаймын", - деп жауап берген.