"Біз де таныстық". Қазақ боксшылары науқаншылдатып, АЭС салуды қолдап ролик түсірді
- автор kyn.kz
- 18 қыркүйек, 2024
- 1.7k
Соңғы бір күнде АЭС салуды қолдау арналған акцияларға жұлдыздар да тартыла бастады. Бұл жолы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері пікір білдіріп, видеоролик түсірген. Олардың жанында Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бар, деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталы
b1rinshibol парақшасының жазуынша, роликке боксшылардан ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай және Абылайхан Жүсіпов түскен. Сондай-ақ, Amanat партиясының өкілі де бар.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында Қазақстанда атом электр стансасын салуды ұсынды. Бізді АЭС жобасымен Amanat партиясы таныстырды. Біз танысып шықтық. АЭС салуды Қазақстан бокс құрамасы қолдайды. 6 қазан күні өтетін жалпы халықтық референдумға баршаларыңызды шақырамыз», - дейді боксшылардың атынан сөйлеген құрама капитаны Айбек Оралбай.
Боксшылардың қасында Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бар. Ол бұған дейін Қайрат Нұртас түскен роликте де болған еді.