Басты жаңалықтар
Шымкентте беделді туыстарының арқасында жас жігітті зорлағандар бостандықта жүр
- автор kyn.kz
- 12 шілде, 2018
- 238
Жігіт Түркістан облысы Абай ауылында мектеп жасынан бастап ересектерден қалай зорлық көріп келгенін айтып берді.
Бұл жайлы "Еуразия арнасының" редакциясы жазады.
22 жастағы жігіттің айтуынша, 16 жасында оны ауылдастары зорлаған.
"Түнде не болғанын білесің бе деп сұрады. Менімен жыныстық қатынасқа түсіп, видеоға түсіріп алғандарын айтты", — дейді ол.
Жәбір көрсетушілер видеоны Желіге салып, "отбасы мен ата-анасын бүкіл ауылға мазақ етеміз" деп қорқытып, бопсалаған.
Венерологиялық диспансерде жігітке жәбір көрсетушілерден венерологиялық ауру жұққаны белгілі болыпты.
Жігіт бірнеше мәрте полицияға арыз берген, өйткені қолында айғақ жеткілікті екен. Құқық қорғаушылар телефон қоңырауларын да басып шығырапты.
Тұрғынның айтуынша, күдіктілердің туыстары оның әкесіне де қоқан-лоққы жасады. Қылмыскерлер беделді туыстарының арқасында әлі бостандықта жүр, дейді ол.
Зорланғанын мәлімдеген жігіт 2012 жылы Жәнібеков атындағы №73 мектепті бітіріпті. Күдіктілер де сол гимназияның түлектері екен.