Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәскеуде қазақстандық студенттің ұстазын не себепті пышақтағаны анықталды

Мәскеуде қазақстандық студенттің ұстазын не себепті пышақтағаны анықталды
ашық дереккөз
Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Бауман атындағы ММТУ оқытушысына пышақпен шабуылдағаны үшін қамалған Жаслан Құдайбергеновпен кездесті.
ҚазАқпарат сайтындағы ақпаратқа сәйкес: «Қазақстан азаматы екі ай мерзімге - 30 тамызға дейін қамалды. Оған адам денсаулығына қасақана зиян келтірді деген айып тағылып отыр. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Біздің консулдар оны барып көрді, адвокатымен байланыс орнатты. Ол денсаулығы және қамауда ұстау бойынша шағым айтқан жоқ», - деп мәлім етті «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР ІІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Бұдан бұрын ТАСС хабарлағандай, Мәскеудің Басман аудандық соты Бауман атындағы ММТУ оқытушысына пышақпен шабуылдады деген күдікпен Жаслан Құдайбергеновті екі ай мерзімге «қамауға алу» бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарған болатын. Агенттіктің хабарынға сенсек, күдікті, 1992 жылы туған ер адам оқу үлгерімінің нашарлауы және оқу төлемақысын төлей алмағаны үшін маусым айының басында Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінен шығарылған. 29 маусым күні күндіз жоғары оқу орнының бас корпусының аумағында оқытушының артынан келіп пышақ сұғып, ізін суытқан. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, аман қалған. Осы дерек бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабының («Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар