Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында 3 жасар баланы іздестіру жұмыстары тоқтатылды

Жетісу облысында 3 жасар баланы іздестіру жұмыстары тоқтатылды
Сурет: Жетісу ПД баспасөз қызметі
Балаларға барынша мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз

Жетісу облысында 11 күн бұрын Көксу ауылында жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аймақтық полицияның хабарлауынша, іздестірілген бала Мұқаншы өзеніне батып кеткен.

«Жоғалған баланы іздеу жұмыстарының аяқталғанын мәжбүрлі түрде хабарлаймыз. Өкінішке орай, ең жаман күдіктеріміз расталды. Бала Мұқаншы өзенінен табылды. Полиция департаменті қаза тапқан баланың отбасына шын жүректен көңіл айтады. Барлық ересектерге (ата-аналар мен қамқоршыларға) балаларға барынша мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сіздің мұқияттылығыңыз бен қамқорлығыңыз осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектесуі мүмкін», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Бала көпбалалы отбасынан шыққан. Үйдегі жетінші сәби болған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар