«Боксшыларымыз да, балуандарымыз да әбден жерге қаратып болды»: Жүрсін Ерман спортшыларымыз туралы
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2024
- 303
Белгілі ақын Жүрсін Ерманның еліміздің спортшыларынан көңілі қалған. Айтуынша, оларды Олимпиадаға қатыстыру үшін қыруар қаржы жұмсалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жайында ол EL ARNA телеарнасына берген сұхбатында сөз етті.
«Басынан бастап соңына дейін көрдім. Қазақстанның спортшыларына соңында бірдеңе жетпей қалып жатады. Су спортына дейін қарадым, таяна бергенде жетпей қалады. Жігерімізді әбден құм қылып бітті. Не дейміз, бақ солай боп тұр ма, бап солай ма – білмеймін. Әйтпесе Лондон олимпиадасында жеті алтын алып едік, оның да дәурені өтіп кетіпті. Боксшыларымыз да, балуандарымыз да әбден жерге қаратып болды. Афина олимпиадасында да бітті-ау дегенде, Бахтияр Артаевтың арқасында жалғыз алтынды әрең алып едік. Оған да зар болып қалдық. Елдос Сметов болмаса, елдің еңсесі тіптен түсіп кетуші еді. Біздің спорт комментаторлары қызық, «ананы аламыз, мынаны аламыз» деп желіктіріп қояды. Бірақ соңында ештеңе бұйырмай қалады», - деді Жүрсін Ерман.