«Біреуің орысша, біреуің қазақша білмейсіңдер»: Тұрсынбек Қабатов Серікзат Дүйсенғазының әйелімен болған қызықты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2024
- 375
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ақын Серікзат Дүйсенғазы мен әйелі екеуінің танысу кезіндегі қызықтарын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол “Жақсы адамдарым” бағдарламасында әңгімелеп, көрерменді күлкіге қарқ қылды.
“Астанада “Баян” деген кафеде жас кезімізде бас қосатынбыз. Бәріміз сол жерге қыздарымызбен келіп, бір-бірімізбен танысамыз. Сонда Серікзат Айнұрды алып келетін. Айнұр өзі көп сөйлемейді. Отырады да “Серікзат, я пошла домой” дейді. Сонда Серікзат «Пошласы несі, қазір бірге пошла боламыз ғой» дейді. Біз бір-бірімізге қарап «Ертең бір-біріңді қалай түсінесіңдер» дейтінбіз. Біреуің орысша, біреуің қазақша білмейсіңдер дейміз», – деді Тұрсынбек Қабатов.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Серікзаттың жұбайы қазақ тілін жақсы біледі екен. Тіпті қазақшаны өзінен артық білетін көрінеді.