Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде бала әткеншектен құлап, қаза тапты

Ақтөбеде бала әткеншектен құлап, қаза тапты
Сурет: Telegram-канал ЧП-Сахалин
Полицияда кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде

18 қыркүйек күні Нұр-Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласында 9 жасар бала әткеншекте тербеліп отырып, ұшып кеткен. Баланы аман алып қала алмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше көмек көрсетуге тырысқан.

«Бала ес-түссіз болған, куәгерлер оған жанама жүрек массажын жасаған. 103 мамандары баланы 30 минут бойы реанимациялауға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Сағат 19:41-де баланың өлімін растады. Бала ашық бас миының жарақаты, бас сүйегінің негізінің сынуы, мойын омыртқасының жабық сынуы салдарынан қайтыс болды. Жабық қабырға сынуы мен пневмоторакс жанама жүрек массажы кезінде 103 бригадасы келгенге дейін болған», - деп хабарлады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Полицияда кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар