Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мемлекеттік қызметкерлердің құқығы қалай қорғалады?

Мемлекеттік қызметкерлердің құқығы қалай қорғалады?
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Мемлекетті өркендету, дамыту бағытындағы ең жауапты іс мемлекеттік қызметшілерге жүктелетіні мәлім.

 Мемлекеттік қызметшіге осындай жоғары талап қойылса, оның құқықтарының қорғалуы және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы да тиісті деңгейде болуы шарт. Ал, бүгінде сол мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалуда ма?!

Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінің басым бағыттарының біріне мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау жатады.

Осы бағытты жүзеге асыру барысында Ақтөбе облысы бойынша департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша бірқатар талдаулар жүргізілді, оның бірі — мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу мәселелеріне жүргізілген талдау нәтижесінде өңірдегі мемлекеттік органдардың 29 мемлекеттік қызметшісінің құқықтары бұзылғаны анықталды.

Талдау нәтижесінде мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары заңнамада бекітілген мөлшерге сәйкес толық төленбегендігі анықталды. Осы талдау нәтижелері Ақтөбе облысындағы әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, нәтижесімен 29 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. 
Cонымен қатар, департамент тарапынан жұмыс уақыты режимінің сақталуына қатысты жүргізілген талдау нәтижесінде де 121 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыстар атқарғаны үшін тынығу сағаттары берілу арқылы құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғаудың басқа да құралы — оларға икемді жұмыс кестесін және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Атап айтқанда, бұл жұмыс берушінің келісімі бойынша қызметкерге жұмыс күнінің басқа тәртібі белгіленуі мүмкін. Яғни, мемлекеттік қызметшілер аталған режимді белгілеу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы, мысалы, баланы таңертең немесе кешке балабақшадан немесе мектептен алып кету үшін және т.б.

Осылайша, 2024 жылдың басынан бастап бұл мүмкіндікті 21 мемлекеттік органның 52 мемлекеттік қызметшісі пайдалануда.
Өз кезегінде, аталған бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру айрықша маңызды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер арасында заң үстемдігі, әділеттілік үстемдігі қағидатын бекітуге және мемлекеттік қызметке сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайтын Әдеп жөніндегі уәкіл институты бар. Жоғарыда аталған бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізу үшін Кеңес тарапынан өңірдегі Әдеп жөніндегі уәкілдерге ұсыныстар айтылып, тиісті тапсырмалар беріледі.

Мақаланың авторы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек  Шілманов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар