Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елдос "колобок" не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтты

Елдос "колобок" не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтты
Инстаграм
Белгілі шоумен үйленбей тұрып бала сүйю қиындау болатынын біліпті.

Елдос Кәдірханов  “Taboo” бағдарламасында қонақ болып, сегіз жылдан бері бала сүйе алмай жүргенін жасырмады.  Ол денсаулығында бала сүйю бойынша қиындық барын үйленбей тұрып білген екен. Оны болашақ жарымен отау құрар алдында ақылдасыпты.

“Әлі сәби күтіп жүрміз. Менің дұрыс емделмегенімнен болды. Медицина тілінде нақты аты бар. Бірақ ол туралы айтқым келмейді. Таңшолпанмен танысқан кезде де мен нақты жасырмай бәрін айттым. Үйленбей тұрып, біраз жыл бұрын білгенмін. Уақытында ем-дом жасамадық. Әйелім де соған келісті. Бірге күтіп келе жатырмыз. Таңшолпан медицинаның дамығанына, оның күші жететініне сенеді”, – дейді шоумен.

Елдос досының өз баласын бергенін де айтып қалды.

“Досым келіп, маған үшінші баламызды сендерге берсек деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған "не баланы, не досыңды таңда" деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала – менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды. Түрі бауырларына келеді, мінезі тура менікі", – деді блогер.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар