Астанада «Хан-шатыр» сауда орталығында іш киімін шешті: бойжеткен жауапқа тартылды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қыркүйек, 2024
- 3.6k
Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының алдында іш киімін шешіп, оны жалау еткен бойжеткен жауапқа тартылатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер қыздың өзі желідегі парақшасында бөлісті.
«Достар, барлығыңызға сәлем. Ұзақ үзілістен соң интернетке шыға алдым-ау. Барлықтарыңыз не болғанын білесіздер. Түрлі ақпарат құралдары мен туралы мақалалар жариялады... «Астаналық іш киімін шешті», «Елордалық іш киімін шешіп, лақтырды» деген секілді хабарлар шықты. Тиісті органдар менімен байланысқа шықты. Мен ол әрекетім үшін жауапқа тартылдым», - деді ол.
Бірақ бойжеткен нақты қандай жазаға тартылғанын ашып айтпады. Дегенмен оқырмандарына не себепті ондай әрекетке барғанын айтуға уәде берді.
Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында жас қыз іш киімін шешкен видеосы тараған болатын.