Қоғам
Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қыркүйек, 2024
- 266
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған
Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты қайтыс болды. Полиция бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 22 қыркүйекке қараған түні Шекара академиясының курсанты Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткені туралы ақпарат пайда болған. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
«Осы факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», - делінген Алматы қалалық ІІД хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында бұған дейін де бірнеше рет қайғылы оқиға орын алған болатын.