"Анасы арызын алғалы, зорлықшы бостандықта": Алматы облысында туған әкесі 15 жастағы қызын он жыл бойы зорлап келген
- автор kyn.kz
- 23 қыркүйек, 2024
- 1.5k
Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды әкесі 5 жасынан бастап зорлап келген екен. Көпбалалы отбасында анасы саудамен айналысып, қыздың үлкені үнемі балаларға қарап қалатын болған.
Қыз біраз уақыт бойы жағдайды ешкімге айтпай қорқып, құпияда ұстаған. Шыдамы таусылса керек, анасына бар шындықты жайып салған. туған әкенің қызын төсекке тартқан сәтті үйдің кішкентайлары да көріпті.
"Бәріміз ұйықтап жатқанда әкем әпкемді тұрғызды. Ол ұйықтағысы келген кезде әкем ұрысты. Жылаған еді "аузыңды жап" деді. Сосын оны қабырғаға тұрғызып қойып шешіндірді. Содан қайта төсекке жатқызды да үстіне өзі шығып, көрпені жауып алды",-деген үйдің ортаншы баласы.
"Әділ" қоғамдық қорының жетекшісі Оксана Маралова жағдай бойынша анасы мен қызы көмек сұрап келгенін айтып берді.
"Олар қорқынышта өмір сүрген. Қызға әкесі "тіс жаратын болсаң өзіңді және анаңды өлтіремін" деген. Қыз анасына болған жайтты айту үшін бірнеше рет оқталған. бірақ, әкесі кедергі келтірген. Соңында анасы басқа қалаға кетем дегенде "әкем мені тағыда ренжітеді" деп жылаған. Әйел полицияға арыз жазып, күдікті ұсталған еді. Ертең тергеу-тексеру, сараптама болады деп тұрған кезде әйел хабарсыз кетті.
Қыздың өзіне хабарлассақ ол анасының полиция бөлімшесіне кеткенін айтты. Кейіннен анықталғаны, әйел енесімен барып, күйеуінің үстінен жазған арызды алған. Оны кешіріп, қамаудан шығарған. Полицияға, әкесі енді бөлек тұрады деп жеткізген. Қазір ол отбасы барлығы бірге тұрып жатыр",- деді Оксана Маралова.