Мәдениет
«Үш рет талақ айтылды»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі күйеуімен заңды некеде болмағанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қыркүйек, 2024
- 220
Актер екі баласына ай сайын 127 мың теңге алимент төлейді
Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, интим-тренер Фариза Алмазқызы екеуі заңды некеде болмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол оқырманының “Нұрсұлтанның үйі бөліске түсті ме?” деген сұрағына жауап берген. Айтуынша, мұсылманша үш рет талақ делінген.
“Бізде заңды неке болмаған. Мұсылманша үш рет талақ айтылды. Тіпті 10 рет айтқан шығар?! Ол ай сайын алимент төлеп отырғанын күшті көмектесіп жатырмын” деп ойлайды. Бірақ Айсұлтанның түзету орталығының ақшасы – 300 мың. Хамзанікі – 150 мың. Алимент – 127 мың теңге. Барға – қанағат, жоққа – сабыр деп жүрміз”, – деп жазды блогер келіншек.
Айта кетсек, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмазқызы екеуіне ортақ екі бала бар.