Мәдениет
«Әкеп тастапты»: Мақпал Жүнісоваға қызылордалықтар сыйлық берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қыркүйек, 2024
- 4.0k
Мақпал Жүнісованы оқырмандары өз өңірлеріне қонаққа шақырды
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісоваға Қызылорда әкімшілігі сыйлық сыйлады. Оның үйіне қауын, қарбыз, күрішке дейін әкеп тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әнші әкімшілікке алғысын білдіріп, концертке бірге баруға шақырды.
“Жаңа тойдан келсем, үйіме Қызылорда әкімшілігі қауын, алма, арбуз, күріштен дәм ауыз тиіңіз деп әкеп тастапты. Алла разы болсын! Ертең мен де өнер иелерінің концертін тамашалауға барамын. Келіңіздер, бірге қол соғайық!”, – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желідегі оқырмандары әншіні өз өңірлеріне шақырып, ол жақтан да құр қол қайтпайтынын жазуда.