«Макси күйеу!»: Баян Мақсатқызының кәсіпкер күйеуі 55 жасын атап өтті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қыркүйек, 2024
- 238
Продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов 55 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Кәсіпкердің туған күніне жақындарымен бірге кейбір өнер иелері де келді. Raim мен Ерке Есмахан, Динара Сәтжан, Дильназ Ахмадиева, Тамара Асар тағы басқа әншілер шақырылған.
“Макси күйеу! Макси әке! Макси ұл! Макси бастық! Макси ер адам! Туған күніңмен", – деп жазды Баян Алагөзова.
Туған күніне арнайы тапсырыспен жасалған торт сусынға сай безендірілген.
“Торттың салмағы – 120 келі. Біз қалай шығады, қалай жетеді деп уайымдадық. Қатты толқыдық. Ұқсай ма, қалай?”, – деп жазды тортты дайындаған кәсіп иесі.
Желі қолданушылары кәсіпкерді төл мерекесімен құттықтады. Алайда, арасында ысырапшылдыққа жол берді деп сынағандар да аз болмады.
“Не деген астамшылық”, «Өздері макси чай ішпейді дейсің ғой», «туған күнді осылай жасау керек» деп жазған олар.