Продюсер Баян Мақсатқызы журналист, балалар жазушысы Дана Орманбаевамен болған сотта жеңіске жетті. Сот журналист блогер туралы шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратты және оларды жоққа шығаруға міндетті деген үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы соттары мәлім етті.
«Сол себепті блогер Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғауды және журналистің Instagram және Telegram желісіндегі жеке парақшасында тараған ақпаратты жоққа шығаруды талап етіп, талап арызбен жүгінді. Сонымен қатар соттан моральдық шығын 2 миллион теңге өндіруді сұрады. Журналист өз жарияланымдарындағы ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және пікір түрінде екенін айтып, шағымды мойындамады. Тараптардың құқықтық қатынастарында орын алатын жұмыстағы, қоғамдық орындардағы, ұжымдағы және күнделікті өмірдегі кемшіліктерді корреспонденттік сынай отырып, ақпаратты теріске шығару талаптарын негізді деп тануға болмайды деп есептейді», - делінген хабарламады.
«Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы заңнаманы сот тәжірибесінде қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес, Азаматтық кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, таратылған ақпараттың шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі.
«Журналист таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтыны, блогердің ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні анықталды. Сот журналистке деректерді жоққа шығаруға міндеттеп және блогердің пайдасына моральдық шығынды өтеу үшін 500 мың теңге өндірді», - делінді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.