Димаш Құдайбергеннің әкесі: Ата-енесіне сәлем салмайтын келіннен қорқамын
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қыркүйек, 2024
- 2.1k
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев келіннің сәлем салуына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол үлкенге құрмет көрсетіп сәлем салу келіннің сыйластығы мен ізеттілігін арттыратынын айтты.
«Қазір келіннің «ата-анаң Алла ма, құдай ма» деп сәлем салмаймын адамға деп айтып жатқанын естіп қалғанда тосырқап қаламын. Келін үлкенге сәлем жасауының 3 факторы бар: келін қайын ағасына сәлем етеді, өзінен үлкен апаларына сәлем етеді, ата-анасына сәлем етеді. Сәлем салған кезде қайын аға өзінің орнын біле қояды. Ол аға екенін біліп, салмақты формасына келеді. Қайын апа өзінің салмақты формасына келеді. Кіші ізет жасап тұрғанда «бақытты бол» деп батасын береді. Ортада бір сыйластық қалыптасады. Ата мен енеге сәлем жасағанда ол да «бақытты бол, өркенің өссін» дейді. Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды, жақсы сөз естіп жақсылыққа ұмтылатын бір ұрпақ тәрбиесі қалыптасады», - деді қанат Айтбаев.
Желі қолданушылары өнер иесінің айтқандарымен келісіп, оған деген ризашылықтарын білдірді.