«Саған ұнады ма?»: Қызылордада секс-құлдықта болған 16 жастағы қыз психиатриялық сараптамадан соң жылап шыққан
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2024
- 988
Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Оны бопсалап, ақша талап еткен. Мұндай жантүршігерлік оқиғадан соң, психологиялық және психиатриялық сараптамадан қалай өткенін айтып берді, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«НеМолчиKZ» қорына сарапатмадан өткені туралы баяндап берді. Айтуынша, сараптамадағы әйелдер оған бүртүрлі сұрақтар қойған.
«Мен сараптамаға қандай сұрақтар қоятынын білмедім. Көңіл-күйім жақсы еді. Ол жерде екі әйел, үш еркек отырды. Мен оқиғаны егжей-тегжейлі айта бастағанда әйелдің бірі «тезірек айтшы, жарты сағаттан соң біздің жұмыс уақытымыз аяқталады» деді. Мұндай оқиғаны мен қалай қысқартып айтып беремін. Сыныптастарым мен туыстарым маған не істегені жайлы айтқанымда екінші әйел «Саған ұнады ма?» деп сұрады. Олар маған келейсің сұрақтар қоя бастады. Басында айтқандарымды өзгертуымді қалады. Бірақ мен өзіме ол нәрсе ұнамағанын және мені қорқытқанын айттым», - дейді оқушы қыз.
Оқушы қыз өзін сыныптастары мен туыстары қорқытқанын айтқанда да олар ешқандай аяушылық сезім білдірмеген.
«Олар мені түсінгісі келмеді, басқа сұрақтар қоя бастады. «Әке-шешеңе айтуға мүмкіндік болды сенде» деп айтты. Мен жылай бастағанымда, қатты дауыспен жылауымды доғаруымды айтты.. Олардың мені қорқытып, бопсалағанын қайталадым. Осымен сараптама бітті. Көлікке қалай жеткенімді білмеймін, танысым түрімді көріп есі шығып кеттті. Анам эксперттерге «Өздеріңнің балаларың жо па. Менің қызымды қандай жағдайға әкелдіңдер» деп ұрысты», - дейді қыз.
NeMolchiKZ қоры өкілдерінің айтуынша, сарапшылар қызбен екі сағат сөйлескен.
«Анасы тамыз айында қыз үйге келіп, болған жағдайды айтып бергенде дәл осындай жағдайды болғанын айады. Осы 1,5 ай бойы емделмеген секілді», - деді құқық қорғаушы.
Сарапшылар ақырында қыз қиялға бейім емес деген қорытындыға келді.
Ал басқа психиатриялық зерттеудің қорытындысында клиникалық диагноз Стамбул хаттамасына сәйкес: «ICD-10 бойынша жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс F43.1 (орташа депрессия F32.1), жедел кезең» деп қойылған.