«Қызым өзіне ұнамайтын мұғалімнің сыныбында оқуға мәжбүр»: Қостанай облысында шу шығарған анаға полиция шақырды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2024
- 416
Қостанай облысы Арқалық қаласында оқушының анасы сыныпты екіге мұғалімдерге ашуланды. Айтуынша, ұстаздар ата-аналарға ескертпестен оқушыларды екіге бөліп тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаладағы №5 мектепте 7 сыныпта оқитын қызы өзіне ұнамайтын мұғалімге баруға мәжбүр деген ана мәселені шешпек болып мектеп директоры мен оның орынбасарына барған. Алайда білім ордасына өз уәжін айтуға барған анаға басшылық тәртіп сақшыларын шақырған.
«Екі жеті бұрын қызымның сыныбын бөледі. Оны жұма күні білдім. Содан мектепке барып түсіндіргенімде сол кезде бәрін шешіп береміз деген. Бірақ ол шешілген жоқ, жаңа хабарлассам қисық жауап беріп тұр. Сіз ғана емес 5-6 ата-ана келеді дейді. Біз кімбіз сонда? Ата-анаға айту керек шығар. Неге айтпай сыныпты бөледі», - дейді ата-ана.