«Томирис патшайым түсімде аян берді»: қызыл көйлекпен танылған емші-дәрігер құпиясын ашты
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2024
- 367
Өзін әрі емші, әрі дәрігер санайтын Томирис патшайымы атымен танылған Гүлсара Суазқызы Жамбыл облысындағы мектепке барып, қайырымдылық кешін өткізген. Ал ұлағатты ұстаздар оның аяғының астына гүл төсеп, 4 мың теңгеден жинаған көрінеді. Бұл қоғамда үлкен шу тудырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
Желіні шулатқан емші бағдарламаға берген сұхбатында қыз көйлегінің құпиясымен бөлісті. Айтуынша, түсіне кірген Томирис патшайымы оған аян беріпті.
“Түсімде Томирис патшайым аян берді. Негізі көп жыл бұрын аян берген. Осы менің жұмысымды жалғастырасың деді. “Жеріңе ие бол! Клиникаңды жоғалтып алма! Намазхананы ұста!” деп аян берді. Әрқашан аян көріп, сол бағытпен жұмыс істей бергенмін. Томирис өзінің костюмін маған берді. Дизайнын сызып берген. Костюмдерімнің 37 образы бар” - дейді емші-дәрігер.
Алайда, қайырымдылық қорын ұйымдастырған емші-дәрігердің әкелген киімдері қоқыста жатқан көрінеді.