Басты жаңалықтар
Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2024
- 569
Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға көтеріледі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушыларды тасымалдау бағыты бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі көтеріледі.
Билет құнын арттыру вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бағыттар бойынша билет құны қымбаттамағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) ескеру маңызды.
Айта кетейік, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар. Олардың 44%-ы тозған.