Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жоғарғы сот өкілдері "мектепте орамал тағуға қатысты тыйым алынды" деген ақпаратты жоққа шығарды

Жоғарғы сот өкілдері "мектепте орамал тағуға қатысты тыйым алынды" деген ақпаратты жоққа шығарды
kyn.kz
Бұған дейін көптеген жерде "Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты" деген жалған ақпарат тараған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде "Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты" деген жалған ақпарат таралуда.

Ведомствоның мәліметінше, істі қарау аясында Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.

Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды. Өйткені білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып саналады.

"Сонымен қатар, бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған", - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Сондай-ақ Жоғарғы сот ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтті.

"Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады", - деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін мектепте орамал тағуға қатысты Жоғарғы соттың шешімі шыққанын жазған едік.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар