Мәдениет
17 жыл бойы құлдықта болған: Руслан Өтепбай апалы-сіңлінің қазіргі жағдайын көрсетті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қыркүйек, 2024
- 222
Тележүргізуші қыздармен фотосессия ұйымдастырып, көңілдерін бір көтерген
«Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасының құлдықта болған апалы-сіңлінің қазіргі жағдайын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Құндыз және Назгүлмен бірге фотосессия ұйымдастырған. Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші. Күтім мен жылы қабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…" – деп жазды Руслан Өтепбай.
Айта кетсек, өткен жылы Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздар бірнеше жыл бойы еңбек құлдығында болғанын жазған едік.