Астанада лифтіде әйелдің басына плитка құлап кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қыркүйек, 2024
- 351
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамның басына плитка құлап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханаға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Таңертең тұрғын үй кешенінде әйелдің басына лифт сыртындағы плитка құлап, ол ауруханаға жатқызылды. Елордалық полиция департаменті бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Полиция қызметкерлері әйелдің үстіне кафель плиткасының құлауы бойынша қылмыстық іс қозғады, 27 қыркүйекте сыртқа шығып бара жатқанда лифттің беткі қабатындағы плитка опырылып түскен. Елорда тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Лифтке қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, соның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады", - делінген ведомство жауабында.