Басты жаңалықтар
Тоқаевқа белгісіз біреулер қастандық жасамақ болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қыркүйек, 2024
- 1.1k
Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін әлі жарияланған жоқ
Түркістан облысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежінің жолына белгісіз біреулер қару-жарақ қойып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қару-жарақ маршрутты тексеру барысында ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің күшімен анықталған.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және қатысы бар адамдарды ұстау үшін жедел — іздестіру және тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.
Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін әлі жарияланған жоқ.