Ауылшаруашылық еңбеккерлерімен «ДАЛА КҮНІ 2024» семинары өткізілді
- автор kyn.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 92
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" - атты Жолдауында - Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану арқылы бұл салаға да инвестиция тартуға болатындығы жөнінде тапсырма берген болатын.
Семинардың мақсаты ағын суды үнемдеу технологияларын ендіру және минералды, органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы сапалы мол өнім алу жолдарын қарастыру және заманауи технологияларды қолдану.
Семинарға «Агрисаенс» компаниясының Орталық азия бойынша бизнес дамыту менеджері Н. Құлмұратов, «Алем агро» холдингінің Түркістан облысы бойынша өкілі А.Ниязбеков, (минералды тыңайтқыштар, сапалы тұқымдар), «Байдала» ЖШС сату бөлімінің басшысы Ж.Таймұратов, «Метцер Қазақстан» Оңтүстік аймақтық өкілі С.Сартаев, (тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері), «АэроТехно» компаниясының директоры Д.Бақытбек, (егістік алқаптарды дронмен өңдеу), «КазКиоти» ЖШС сату менеджері Р.Балпашев, «Тұрансу» ЖШҚ МКК жауапты маманы Д.Әбдішәкір қатысып, шаруалардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа технологиялардың тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.