«Араласып жүрген адамдар бұрылып кетіп қалды»: Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді есіне алды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2024
- 321
Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңдерді еске алып, ол тығырықтан қалай шыққанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында жақында жарыққа шығатын сұқбатының үзіндісін жариялады.
"Бір сәтте менің айналамдағы бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып-бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болған. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім", - деді ол.
Сондай уақытта әзілкеш өзінің рухани әлсіреп кеткенін байқаған.
"Уақыт өткен соң денсаулығым реттеле бастады. Сол кезде жан-жағыма қарап рухани әлсіреп кеткенімді байқадым. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, алдыңа шығарып қояды. Менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек. Рухани реттелгенде жаным рахаттана бастады", - деді Жахан Отарғалиев.