Қостанай облысында 5 жасар қызы зорланғаны туралы ақпарат таратқаны үшін әйелге айып тағылмақ
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2024
- 300
Қостанай облысында 5 жасар қызын 8, 12 және 13 жастағы балалардың зорлағаны туралы ақпаратты таратқаны үшін әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалғалы жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиғаны қыздың анасы «Не молчи» қорына айтып берген. Айтуынша, 6 шілде күні анасы 5 жасар қызына велосипед сатып алып, оны қуантпақ болған. Бірақ ойнап жүрген қызын біраз іздеп таба алмаған. Кейін қызы жыртылған киіммен үйге қарай өзі келген.
“Анасы қатты қорққанынан қызына ұрысқан. Қазір сол әрекетіне қатты өкінеді. Себебі ол кезде қыздың да жағдайы нашар болған. Ол ештеңе айтпаған және тұйықталып қалған. Кейін біраз күннен соң ғана болған жайтты атасына айтып берген. Анықталғандай, үш бала бүлдіршінді қамыс арасына әкетіп, екеуі ұстап тұрып, қыздың жыныс мүшелерін ұстаған. Қарсыласып, жылағанда таспен ұрған. Үш ұл да қызға зорлық көрсеткен. Кейін ешкімге айтпауы үшін бір қап ойыншық берген, – делінген жазбада.