Алматы облысында 14 жастағы қыз өз-өзіне қол салды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2024
- 357
Алматы облысында 14 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоры мәлімдеді, деп хабарлайды.
Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады.
«Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция.
Қордың ақпаратына сәйкес, қыз Отеген батыр ауылындағы №13 білім беру мектебінде оқыған. Полиция қыздың өлімі желідегі ойындармен және буллингпен байланысты емес екенін нақтылады.
Бұған дейін 16 қыркүйекте Алматының Алмалы ауданында екі мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болған еді. Бұл оқиғаны полиция суицид деп қарастыруда. 21 қыркүйекте 12 жастағы қыз терезеден секіріп кетті. Ал 23 қыркүйекте Әуезов ауданында көпқабатты үйдің терезесінен 18 жастағы жасөспірім құлап көз жұмды. Өткен аптада оңтүстік Астанада Almaty Management University студенті өз-өзіне қол жұмсады.