“22-24 градус жылы”: Астана мен Алматы қалаларына 3 күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 қазан, 2024
- 266
Қазгидромет алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
1 қазанда Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 22-24 градус жылы.
2 қазанда ауыспалы бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 11-13 градус жылы.
3 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус суық, күндіз 9-11 градус жылы.
1 қазанда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 20-22 градус жылы.
2 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 22-24 градус жылы.
3 қазанда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 20-22 градус жылы.