Талдықорған қаласының бұрынғы полиция бастығы 27 жастағы қызды зорлады: әйел қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қазан, 2024
- 834
Талдықорғанның бұрынғы полиция бастығы Марат Күштібаевтан зорлық көрген жәбірленуші үй қамауына алынды. Оған алаяқтық жасады деген күдік тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу бойынша ол жалған мәлімет беру арқылы Күштібаевтың әйелінің ақшасын алған.
Жәбірленушімен бірге бұл істе оның жігіті, бұрынғы полиция қызметкері (ол қазір уақытша ұстау изоляторында) және Талдықорған қалалық сотының хатшысы да бар. Бұл ақша бергенін мойындайды, алайды алдын ала келісіп алаяқтық жасағанын жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанның бұрынғы полиция бастығы Марат Күштібаев зорлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Даулы жағдай өткен жылдың қараша айында орын алды. Жоғары лауазымды полиция қызметкері қызды қызметтік кабинетінде зорлаған. Жәбірленуші 27 жастағы Талдықорған тұрғыны болған. Оны тәртіп бұзғаны үшін полиция басқармасына алып келген. Бастық қызды тергеушінің жанында көріп, оны өз кабинетіне алып келуді бұйырған. Сол жерде ол қызға істі жабатынын айтып, алдағы уақытта "әрдайым көмектесіп тұратынын" айтып, интимдік қатынасқа түсуге ұсыныс жасаған. Қыз бас тартқан, алайда Күштібаев күш көрсеткен.
Сот үкімінен кейін, Күштібаевтың әйелі жәбірленуші сөзін өзгертуі үшін үшін оған 40 миллион теңге ұсынған. Адвокат пен әйел Күштібаев жәбірленушіге күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскенін мәлімдеуге көндіру үшін сот хатшысымен келісім жүргізген. Бұл Күштібаевтың жазасын жеңілдететін еді.
Жәбірленуші жазадан құтылуға көмектессе ғана сөзін өзгертуге келісетінін айтқан. Ол ақшаны сот шешімінен екі апта бұрын қолына алған.