«Сәттілік әкелу үшін»: Үндістанда мектеп директоры мен мұғалімдер 7 жасар баланы құрбандыққа шалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қазан, 2024
- 160
Үндістанның Хатрас қаласында директор мен бір топ мұғалім оқушыны құрбандыққа шалған. Олар мұны мектепке сәттілік әкелуі үшін жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полицейлердің айтуынша, 7 жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған. Кісі өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталған.
Бұл іс бойынша мектеп иесі Джасодхан Сингх, оның ұлы сол мектептің директоры Динеш Багель және үш мұғалім қамауға алынды.
Олар мектепке сәттілік әкелу үшін салттық құрбандық жасаған.
"Баланы қара магия рәсімі аясында құрбандық үстеліне апару керек еді. Бірақ ол рәсім аяқталғанға дейін көз жұмған", – деді полиция қызметкері Химаншу Матур.
Үндістандағы салттық кісі өлтіру әдетте құдайларды тыныштандыру мақсатында жасалады. Бақсылық пен оккультизмге деген сенім кең таралған тайпалық және шалғай аудандарда жиі кездеседі.