Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұрғындар ұйымдастырған митингтен кейін Шелекте бас дәрігер жұмыстан кетті

Тұрғындар ұйымдастырған митингтен кейін Шелекте бас дәрігер жұмыстан кетті
ашық дереккөз
Ауылдық округке қарасты ауруханадағы былыққа қарапайы тұрғындардан бастап дәрігерлердің де шыдамы таусылған
Шелек ауылы орталық ауруханасының бас дәрігері Жақып Желеуов тұрғындардың митингісінен кейін өз еркімен қызметін босатты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып KYN.KZ сайты  жазады. "Ол өз еркімен арыз жазды. Ешкім мәжбүрлеген жоқ. Неге бұлай істегенін біз білмейміз", — деп мәлімет берді әкімнің баспасөз қызметі. Болжам бойынша, оның мұндай қадамға баруына шілде айының басынан бері ауруханада болып жатқан дау-дамай себеп болуы мүмкін. Өйткені медициналық мекемедегі ахуалға көңіл толмайды: көп жылдар бойы жөндеу жүргізілмеген, коммуникациялар әбден ескірген. Соның салдарынан 2 шілде күні аурухана аумағында үш адам ажал құшты – екі сантехник пен дәрігер. Олар канализациялық құдықты жөндемек болып, газға тұншығып қалған. Бұл жайт жергілікті тұрғындардың да, медициналық персоналдың да шыдамын тауысып, халық бас дәрігер жұмыстан босатылсын деп митингіге шықты. Облыс әкімдігі шешім қабылдауға асыға қоймады, оның үстіне төтенше оқиға бойынша тергеу ісі әлі аяқталмаған. Алайда, Жақып Желеуов жұрттың қысымына шыдай алмаса керек, өз еркімен қызметтен кетті. Ал Шелек ауруханасын жөндеу мәселесі, шенеуніктердің айтуынша, шешімін тапқан, жақын арада жұмыс басталады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар