Қоғам
Ақмолада алаяқтар "немереңді құтқарасың" деп, зейнеткердің 17 млн теңгесін қағып алған
- автор kyn.kz
- 3 қазан, 2024
- 443
Әйел алаяқтарға не үшін сенгенін полицияға айтып берді.
Ақмола облысында зейнеткер немересін құтқарғаны үшін белгісіз адамдарға 17 миллион теңге беріп, кейін алданғанын білгенде, алаяқтық туралы арызбен Көкшетау қалалық Полиция басқармасына хабарласқан, - деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, 5 тамызда белгісіз біреулер әйелге телефон соғып, өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған. Олар зейнеткердің немересі жол-көлік оқиғасына себепкер болғанын айтып, оқиғаға қыздың кінәлі екенін айтады.
"Қаскүнемдер қарт әйелге жазадан "құтылуға көмек көрсетуге" уәде береді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Шошып кеткен зейнеткер туысқанына көмектесу үшін барлық жағдайға келіскен. Курьер одан ақшаны алып кеткен.