Қоғам
Алматыда шетелдік азаматтың бөлшектелген мәйіті табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қазан, 2024
- 115
Онымен бірге тұрған әйел күдікті ретінде ұсталды
Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінен 50 жастағы шетелдік азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген мәйіті табылғанын CMN.KZ Telegram-арнасы мәлімдейді.
Оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растады. Онымен бірге тұрған әйел күдікті ретінде ұсталды.
“Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.