Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: қаза тапқандар бар

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: қаза тапқандар бар
Сурет: Ашық дереккөздерден
Оқиғаға қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға Бөкейханов қиылысында орын алған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта, Бөкейханов көшесінің қиылысында келе жатып, жолағын ауыстырмақ болған. Осы сәтте көлік жеке тасымалдаушыға тиесілі 58 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаға қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар