Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бүгін – тарихи күн”: Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдумға келіп, дауыс берді

"Бүгін – тарихи күн”: Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдумға келіп, дауыс берді
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы референдумды қолдайтынын жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда, дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. 

"Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын", – деді Тоқаев.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар