Басты жаңалықтар
Рудныйдағы ұн тарту кәсіпорнында төрт жұмысшы қаза тапты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қазан, 2024
- 256
Төрт жұмысшы тереңдігі бес метр бункерге түсіп, одан қайта шыға алмаған
Қостанай облысындағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза тапты. Тазалау кезінде төтенше жағдай болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Рудныйда болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.
Төрт жұмысшы тереңдігі бес метр бункерге түсіп, одан қайта шыға алмаған. Оқиға туралы 112 пультіне хабарланды.
"Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері өлім дерегі туралы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.