Мәдениет
Ізгі ниет елшісі: Димаш Құдайберген лауазымды қызметке тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қазан, 2024
- 377
Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады
Танымал әнші Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысы өтіп жатыр. Съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына ұсынылған 5 адамның ішінде Димаш Құдайберген де бар.
Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.
Ізгі ниет елшілерінің тізімі:
Иерусалим Патриархы III Феофил;
Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;
Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;
Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.