«Ұлым әкесінің әнші екенін біледі»: әнші Adam-нан некесіз бала туған әйел алимент ала алмай жүр
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қазан, 2024
- 715
Танымал әнші Adam-ның некесіз баласы бары белгілі болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келген ару айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дүниезада Абдуллаеваның айтуынша, екеуі “Давай не болей” бейнебаянын түсіру барысында танысқан. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін жақын араласа бастапты. Әнші қызға деген көңілін білдіріп, өзінің бойдақ екенін айтқан.
“Алматыға келген күні «жолығайық» деп жазды. Екеуміз кездесіп, саябақта қыдырдық. Екінші күннен бастап маған махаббатқа қатысты әңгімелер айта бастады. Үйленбегенін айтып сендірді. Ол кісіден жеке өміріне қатысты бәрін сұрадым. Бірақ ол маған еркін адам екенін айтты. Бірақ мені алдаған. Бір айдан кейін жыныстық қатынасқа түстік. Мен бірден жүкті болып қалдым. Бұны естігенде маған үйленетінін айтты. Алайда оның отбасы бар екен. Егер оған күйеуге шықсам, екінші әйелі болуға келістім. Мен жүкті едім, содан кейін келістім. Бірақ ол бала туғаннан кейін маған келуін қысқарта бастады. Соңғы рет осы жылдың наурыз айында ғана келді», - дейді ол.
Өнер иесі тіпті ұлын перзентханадан шығарып алуға келмеген. Көмек ретінде 20-30 мың теңге жіберіп отырыпты.
«Перзентханадан ұлын шығарып алған жоқ. Біз заңды некеге тұрған жоқпыз. 20-30 мың теңге ғана көмек беретін. Бұрын ұлыма пәтер алып беремін дейтін. Кейін ондай сөз айтпадым деп шықты. Есіне салып едім, болашақта әперем дегендей болды. Менің бағдарламаға келудегі мақсатым – заңды түрде ұлын мойындап, алимент төлеттіру. Ұлымның аты – Тамерлан. Әкесі қойды. Ұлым әкесінің әнші екенін біледі. Көшедегі ілініп тұрған афишалардан көріп, “папа” деп айқайлайды», – деді Дүниезада Абдуллаева.
Дүниезаданың әпкесінің айтуынша, әнші бойжеткенге көмектесемін деп үміт берген. Алайда, ешқайсысын орындамапты.
“Ол Дүниезадаға үйленеміз деп үміт берді. Оны айыптап, сен анандайсың-мынандайсың деп жаман сөздер айтты. Содан Дүниезада жылап шығып кетті. Егер алимент талап етсек, баланы тартып аламын деді. “Заңды әйелі барын біле тұра сен әдейі отбасын бұздың” деген сияқты сөздер айтты. Заң бәріне ортақ, қалағанын істесін. Баланың анасына да, әкесіне де заң қолданылады. Баланы пайдаланып, хайп жасап жүр дегенді кім шығарды?! Ұрыстың бәрі ұлына көмек сұрап хабарласқаннан шығып отыр", – дейді Борно ханым.
Әйел Adam-ның ұлына әке ретінде көмектесуін қалайтынын жеткізді. Екеуіне ортақ бала Тамерлан 1 жас 3 айға толған. Дүниезаданың айтуынша, қазіргі уақытта әншіге деген көңілі суыған. Ал Adam Дүниезаданың “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келіп, шағымдануына байланысты өзінің абыройына нұқсан келтірді деп үстінен қылмыстық іс қозғаған. Сонымен қатар оларуды 5 миллион теңге ақша бопсалады деп айыптады.
Бағдарлама ұжымы әншіге хабарласты, алайда ол тұтқаны көтермеді.