Арман Дүйсеновтың қайтыс болған ұлы бірнеше күн бұрын Баян Мақсатқызынан көмек сұраған
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қазан, 2024
- 29.8k
Продюсер Баян Мақсатқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өлерінен 10 шақты күн бұрын өзіне хабарласып, көмек сұрағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, марқұмның ұлы әкесі туралы шыққан бағдарламаны эфирге шығармауды өтінген.
«Бүгін бір сағат бұрын әріптестерімнен досым Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өткені туралы қайғылы ақпарат естідім. Осыдан 10-12 күн бұрын Абылай маған қоңырау шалған еді. Ол маған бұлай ешуақытта хабарлаып көрген емес. Түсінгенім бойынша, марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланған екен. Оған шоу-бизнестегі бірнеше өнер иелері қатысып, жағымсыз ақпараттар айтқан. Ол кезде бағдарламаның эфирге шығуына екі сағат ғана қалған. «Абылай сен маған кеше хабарласқаныңда үлгеретін едім. Бірақ эфирге шығуына екі сағат қалғанда қолымыздан ешнәрсе келмейді» деп айттым. Бұл баланың жан айқайы еді. Ол әкесінің әруағына тіл тигізгісі келмеді», - дейді продюсер.
Сондай-ақ, продюсер сол күні марқұмның әйелі де қоңырау шалып, ұлының атынан кешірім сұрағанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024