Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алдыларында қазы, жұмсақ көрпеде отыр":Марқұм Шерзаттың әпкесі тергеу абақтысындағы күдіктілердің жағдайын айтты (ВИДЕО)

"Алдыларында қазы, жұмсақ көрпеде отыр":Марқұм Шерзаттың әпкесі тергеу абақтысындағы күдіктілердің жағдайын айтты (ВИДЕО)
коллаж kyn.kz.
Әйел әділдік орнап тағы екі қыз бен, қалған жігіттер ұсталмаса өзін өртейтінін айтты.

Алматы облысындағы 16 жастағы жасөспірім өліміне қатысты туыстары дабыл қағуда. Марқұмның әкесі, анасы, әпкесі мен ағалары оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Марқұмның әпкесі тергеу абақтысында жатқан 7 күдіктіні көріп шыққан. Сөзінше ешқайсысы да істеген істеріне өкініп отырған жоқ.

«Пышақталғаннан кейін де құлап жатқанын жерінен келіп үстінен тепкілеп жатыр. 13 адамның бәрі ұсталып, тиісті жазаларын алса екен деймін. Менің баламды өлтірген адам 20-25 жылға сотталсын. Әділдік сұраймын», — деді марқұмның анасы Гүльбара Бишмбиева.

Жәбірленушілер бұған дейін көшені жауып, әділдікті талап еткен еді. Полиция ұсталған 7 күдіктіні көрсету үшін оларды  уақытша қамау изоляторына кіргізген. Олар күдіктілердің жағдайы бостандықта жүрген адамдардан жақсы деп отыр.

«Қылмыскерлердің ұсталғанына көз жеткізу үшін тергеу изоляторына кірдік. Жетеуін жеті камераға отырғызып қойған. Жетеуі жеті жерде. Бірақ олардан «адам өлтірдік, баланың өмірін қыршын қидық» деп отырған өкінішті көрген жоқпыз. Алдында жеп отырғандары – қазы. Астында қалың матрац. Мен өзім еркіндікте жүріп қазыны бір айда бір жеймін. Алдарында қазы, басқа да тамақтар тұр. Анық, ұзақ қарай алмадым. Олар неге 7 адамды ғана ұстап отыр? Бұл жерде 2 қызды қосқанда 13 адам бар. Біз соңына дейін барамыз. Олардың қазы жемек түгілі қара су ішуге құқықтары жоқ», — дейді Шертзаттың әпкесі Бақыт Реймова.

Ал осыған дейін Шерзаттың әкесі оқиға болған күнгі видеоларды полиция өшіріп тастағанын айқан еді. Кейін Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып, видеодан дәлел ретінде скриншот ұсынған.

«Талғар ауданының әкіміне, тергеушілеріне, полицияның бастығына көңілім толмайды. Олар жас балаларды шақырып алып, қорқытып, мылтықты мойындарыңа алыңдар деген. Маған жала жаппақ болған. Екі қызды, қалған тағы төрт баланы қамап, Қонаевқа алып кетеміз», -деді марқұмның әкесі.

Онда жігіттердің арасында екі қыз да барын көруге болады. Бұған дейін полиция төбелеске қатысушылардың бәрі ұсталып, қамалды деген еді. Алайда олар тек 7 адамды ғана қамаған болып шықты.

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады ведомстводан.

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар