Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес”: Меруерт Түсіпбаева бақилық болып кеткен кісіні сөз қылған әріптесіне ренжіді

“Марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес”:   Меруерт Түсіпбаева бақилық болып кеткен кісіні сөз қылған әріптесіне ренжіді
Сурет: ашық дереккөздерден
«Өзі жоқтың - көзі жоқ» деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын, дүйім жұртқа жария ету керек пе?!

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өнерде жүрген кейбір әріптестеріне ренжіп, оларлың кейбір әрекеттерін сынады. Ол марқұм болып кеткен кісінің өмірін қазбалап, құпиясын ашқан әншіге ашуланды, KYN.KZ деп хабарлайды

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беріп, марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып, сөйту керек еді, бүйту керек еді деп, масқаралау – көргенсіздік негізі. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. Ойладым да қойдым. Мұнысы несі?! Мынау не деп оттап, лағып не айтып?! Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар. Енді? «Өзі жоқтың - көзі жоқ» деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын, дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі кеткенімен, көзі кеткенімен, артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес, жауапқа тартпас, сотқа бермес, бірақ артында қалған ұрпағы, бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар?!», - деп жазған ол.

Айта кетсек, “Астарлы ақиқат” бағдарламасында әнші Индира Елемес марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің студияда көз жұмғанын айтқан болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар