Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда экс-судья алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматыда экс-судья алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Алматыда Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова қамауға алынды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Медеу аудандық полиция бөлімі шынымен де алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.

"Күдікті полицияға жеткізілді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар