Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақстанда өмір сүргім келмейді»: қазақтың боксшы қызы АҚШ әскерінің қатарына қосылатынын мәлімдеді

«Қазақстанда өмір сүргім келмейді»: қазақтың боксшы қызы АҚШ әскерінің қатарына қосылатынын мәлімдеді
Сурет: instagram.com/lady_sparta
Ол мансап қуып, Калифорниядан үй алғысы келетінін айтты

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы Аида Сатыбалдинова АҚШ ұлттық гвардиясына қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазып, АҚШ-та мансап қуғысы келетінін түсіндірді.

«Шынын айтсам, Қазақстанға қайтып, ол елде өмір сүргім келмейді. Әрине, қонаққа барып тұруға қарсы емеспін. Әр адам өмірін жақсы өткізуге тырысады. Қазақстанда мен өзімді жайлы сезіне алмаймын. Бойымдағы тік мінезім, адалдығым мен идеологиям ол жақта жайлы өмір сүруге келмейді. Біреуге жағымпазданып, жалтақтауға құлқым жоқ. Мені ата-анам олай тәрбиелемеген. Біреуге тізе бүгіп өмір сүргенге өле салғаным артық.

АҚШ-та мансап қуып, өз үйімді алсам деймін. Калифорнияда тұрамын деп шештім. Мұнда жылжымайтын мүліктің құны аспандап тұр. Болашақта балаларыма өзімде жоқ игі жақсыны бергім келеді. Сондықтан АҚШ Ұлттық гвардиясына қосылу мен үшін керемет нәрсе. Ары қарай басқа да, биік мақсаттарым бар», — деп жазды Сатыбалдинова Instagram-дағы стористерінде.

Аида Сатыбалдинова Көкшетау қаласының тумасы. Ол 2017 жылдан бері Америка құрама штаттарында тұрады.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар