Мәдениет
«Мен ешкімнен ештеңе күтпеймін»: Гүлзира Айдарбекова бақыт жайлы сыр шертті
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қазан, 2024
- 565
Продюсер бақытты болудың құпиясын ашты
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің әруақытта бақытты болып жүретінін айтып, басқаларға да тіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ешкімнен ештеңе күтпей өмір сүруге дағдыланғанын жазды. Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті.
“Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің бе?! Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту – әрқашан ауыр. Өмір қысқа… Бақытты бол және күлімде”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Сонымен қатар, көпшілікке күйеуі екеуіндей махаббат тіледі.
«Сіздерге де біздің махаббат жұғысты болсын! Махаббаттарыңыз мәңгі болып, ұзақ жылдар, өмірдің ащы-тұщысын бірге татитын баянды махаббат тіледім! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Барымызда бағалайық!», – деді шоу-бизнес жұлдызы.