Әбдікәрімова кезінде елге "осыннан үй алыңыз, керемет" деп жарнамалаған копанияға өзі алданып, бірінші сотта жеңілді
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2024
- 476
Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазір өзі алдандым деп халықтың реакциясына салып отырған құрылыс компаниясын кезінде бар шұрайлы сөзімен жарнамалап, көпшілікті сол жерден үй алуға үгіттеген еді. Енді бірлесіп мол табысқа кенелеміз деген әріптестеріне актрисаның өзі алданып, сан соғып отыр. Актриса енді Астанадағы аудандық соттан жеңіліп, енді қалалық соттың істі қарау барысын халық назарына ұсынып, әділдік орнатқысы келіп отыр,деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Сот бойынша ашық жаза бастағаным – кейбіреулерге ұнамай қалған сияқты. Қысым көрсетіле бастады. «Үндемесін, жазбаларын өшісін!» деген сәлемдеме алдым. Соттың бірінші отырысы өтті. Алайда осы процесті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін – өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, «сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз “переговорға” шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!» деген сәлемдеме жолдапты.Ескертіп айтамын, мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын, сот процесінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!, – деп жазды актриса.