Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қысым көрсетіле бастады”: Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

“Қысым көрсетіле бастады”: Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Өзіне түсініксіз қоңыраулар түсе бастағанын айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот бойынша ашық жазбаларынан кейін өзіне қысым жасала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, әлеуметтік желідегі жазбаларынан соң әлдебіреулер қоңырау шала бастаған.

«Сот бойынша ашық жаза бастағаным – кейбіреулерге ұнамай қалған сияқты. Қысым көрсетіле бастады. «Үндемесін, жазбаларын өшірсін!» деген сәлемдеме алдым. Соттың бірінші отырысы өтті. Алайда осы процесті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін – өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, «сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз «переговорға» шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!» деген сәлемдеме жолдапты”, - дейді актриса.

Сондай-ақ, Жұлдыз сот процесінен тыс ешқандай келіссөздерге келіспейтінін жеткізді.

“Ескертіп айтамын, мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын, сот процесінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!», – деп жазды ол.

Айта кетсек, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясымен соттасып жатқанын мәлімдеген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар