Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ләззат үшін кездестік”: Adam некесіз ұлына қатысты шындықты айтты

“Ләззат үшін кездестік”: Adam некесіз ұлына қатысты шындықты айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Ол Дүниезада екеуінің арасында шарт болмағанын айтады

Көпшілікке Adam лақап есімімен белгілі Фарух Тоқтамұратов некесіз баласына қатысты бар шындықты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келген әнші, нккесіз ұлының анасымен тек төсек қатынасы үшін ғана кездескенін айтты.

“Менің кездесіп жүрген қызым болды. Жақында үйленемін деп айттым. Оны білді. Дүниезада: «Маған жігіт керек емес» деген болатын. Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ. 2022 жылы әйеліммен некемді қидырдым. Темірлан 2023 жылы дүниеге келді. Дүниезада екеуіміздің арамызда ешқандай шарт болған емес. Оған үйленбейтінімді де білді», - дейді Adam. 

Айтуынша, Дүниезада оның некелі жарына бар шындықты айтып қойған. Сол сәттен бастап келіспеушіліктер туындапты.

«Ол маған біздің отбасыда ер адам жоқ, қуаныштымын деді. Анам екеуіміз баланы өзіміз өсіреміз. Сенен ештеңе керек жоқ деді. Менің балам болса, жәрдемімді беріп тұрамын дегенмін. Заңды әйеліме баламның бар екенін айта алмадым. Бірақ Дүниезада кейін әйеліме сенің күйеуіңнен ұлым бар деп жазған. Содан кейін келіспеушіліктер туындады. Ақиқаттың бәрін айттым», - дейді әнші.

Adam халықтан кешірім сұрап, жауапкершіліктен ешуақытта қашрайтынын айтты.

«Халықтың алдына кешірім сұрағым келіп тұр. Болған жағдай телеарнаға шыққан соң, ақиқатты айттым. Мұндай көрсетуге ешқашан тырысқан емеспін. Жауапкершіліктен қашпаймын. Менен оларға ешқандай зиян тиген емес», - дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар